Порталға жүгінген кезде (құжаттар тізбесі):
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау":
Күндізгі оқу үшін:
№ 063/у және № 026/у-3 нысанды денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
Баланың сандық фотосуреті 3х4 см.
Қазақстан Республикасының резиденттігі болмаса, ол үшін қосымша:
Көші-қон карточкасының электрондық көшірмесі.
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау":
Есептен шығару талонының электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректер болмаған жағдайда).
"Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну":
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну":
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін-көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстар туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама;
Жетім балалар мен отбасында тұратын ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімінің электрондық көшірмесі;
Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін-отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган шешімінің электрондық көшірмесі;
Сауықтыру лагеріне кететін оқушыға медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі - "079/е" нысаны.
"Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау":
Үйде оқыту бойынша ұсынысы бар дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі.
"Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау":
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі.